Ссылки доступа

Ферғанада түнгі жиналысқа бара жатқан төрт мұғалім жол апатынан қаза тапты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ферғана облысының Дангара ауданында төрт мектептің директорларының орынбасарлары жол апатына ұшырап, қаза тапты. Олар түнгі селекторлық жиналысқа қатысу үшін облыс орталығына бара жатқан.

Мәліметке қарағанда, оқиға 30 қыркүйекке қараған түні болған. Дереккөздің хабарлауынша, көлікті басқарып бара жатқан №26 мектеп директорының орынбасарының көзі ілініп кетіп, көлік жол жиегіндегі электр бағанасына соғылған.

– Директорлардың орынбасарлары сақал қоюға және хиджаб киюге қарсы кампанияға арналған жиналысқа қатысу үшін Ферғана облыстық әкімдігіне бара жатқан. Жиналыс түнгі сағат бірге белгіленген. Олар кешкі 11-де шыққан. Қоқан қаласынан өтіп бара жатқанда, көлік жүргізіп келе жатқан адам ұйықтап кетіп, көлік жолдан шығып кеткен.

​Бұл іс бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG