Ссылки доступа

Ресейде өлтірілген бес жасар тәжік қызының отбасына жаңа адвокат жалданды


Тәжікстанның Ресейдегі елшілігі Серпухов қаласында өлтірілген бес жасар Хувайда Тиллозоданың отбасының мүддесін қорғау үшін жаңа адвокат жалдады.

"Хувайданың отбасының мүддесін қорғау үшін, Ресейдің заңдарын жақсы білетін Шавкат Умаров деген тәжік адвокатын таңдадық. Сотқа біздің дипломаттар да қатысады", - деді мекеменің өкілі.

Шавкат Умаров соңғы бес жылдан бері Ресейде қорғаушы болып жұмыс істейді.

Осыған дейінгі адвокат Дагир Хасавов 17 қыркүйекте Мәскеудің Лефортов аудандық сотының шешімімен қамауға алынды. Ол "сот әділеттігіліне тосқауыл қылу" және "Куәлік беруге мәжбүрлеу" бабымен айыпталып жатыр.

Осыған дейін айыпталушы Александр Сёминдиннің адвокаты оған қыздың әкесі Абдусалов Саидовты сотта қатыстырмау жөнінде өтініш білдірген.

Бұл іс бойынша Серпухов қаласында 23 тамызда басталған сот отырысы жабық өтіп жатыр.

Бес жастағы Хувайдо 2018 жылдың 22 шілдесінде үйінің алдында ойнап жүрген кезінде жоғалып кеткен. Оның сүйегі келесі күні Мәскеу облысы Серпухов қаласындағы теміржол жиегінде табылған. Сот-медициналық сараптама қыздың зорлықтан қайтыс болғанын анықтаған.

Бұл іске қатысты күдікті ретінде 28 жастағы жергілікті тұрғын, қыздың отбасының көршісі Александр Семин ұсталған.

XS
SM
MD
LG