"Егер орган қызметкерлері кімде дрон бар екенін білсе, иесін шақырып тергеп жатыр. Кейбір жағдайда қылмыстық іс те қозғап жатыр. Жақында тойларда видео түсіріп қызмет көрсететін студияның иесін тергеуге шақырған. Одан дронды не үшін, қандай мақсатта сатып алғанын сұраған", - дейді тілші.
Тілшінің сөзінше, елде қашықтықтан басқарып, ұшыратын аппараттарды әкелуге тыйым салынған.
"Қазір дроны барларға 1000- 3000 манат көлемінде айыппұл салып жатыр. Егер оларды екінші рет ұстаса, онда қылмыстық жауапкершілікке тартамыз деп ескертіп жатыр", - дейді тілші.