Ссылки доступа

Ирактағы наразылық кезінде әлеуметтік желілер бұғатталды


Бағдадтағы наразылық. 1 қазан 2019 жыл.

Үкіметке қарсы наразылық акциялары өтіп жатқан тұста Ирактың басым бөлігінде интернетке шектеу қойылды. Билік Facebook, Twitter, Instagram, WhatsApp және өзге де әлеуметтік желілер мен мессенжерлерді бұғаттады.

Бұл ақпаратты әлем бойынша интернет шектеуді бақылайтын NetBlocks үкіметтік емес ұйымы хабарлады.

Бағдад және өзге қалалардағы жаппай наразылық шаралары 1 қазанда басталған. Шерушілер жемқорлық, жұмыссыздық, қоғамдық қызмет көрсөту сапасыздығы, су, электр энергиясы тапшылығына наразылық білдірді.

Бағдадта шерушілердің бір бөлігі үкімет ғимараттары мен елшіліктер орналасқан "Жасыл аймаққа" кіруге тырысты. Бұдан соң полиция шерушілерді күшпен қуа бастады. Бұған наразы болған кейбір шерушілер полицияға тас атты.

Үкімет ғимараттарын күзеткен сақшылар шерушілерге оқ атып, бірнеше адам қаза тапқан. Жүздеген адам жараланған. Наразылық шаралары 2 қазанда да жалғасты.

XS
SM
MD
LG