Ссылки доступа

Тәжікстан соты еліндегі ірі кәсіпкердің ұлын 10 жылға кесті


Душанбедегі Исмоили Сомони аудандық соты "Султони Кабир" базар қожайынының ұлы Кабирді 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Биыл 23 наурызда Душанбе орталығында ірі апат болып, екі жас қайтыс болған. Апатқа ұшыраған "Лексус-450" көлігін Кабир Кабиров жүргізген. Ол қатты жылдамдықпен бағанаға соғылған. Шілде айында Исмоили Сомони атындағы аудандық сот Кабир Кабировты айыпты деп тауып, 8,5 жылға соттаған.

Бірақ жәбірленушілердің адвокаттары сот шешіміне наразы болып, қайта шағым түсірген. Апат кезінде қаза тапқандардың туыстары Кабир Кабиров мас күйінде көлік жүргізді дейді.

XS
SM
MD
LG