Ссылки доступа

Қырғызстанда журналист Алишер Саиповтың өліміне қатысты іс қайта қозғалды


Қырғызстандық журналист Алишер Саиповтың өліміне қатысты 2013 жылы жабылған қылмыстық іс қайта қозғалды. Бұл жөнінде журналистің бауыры Шохрух Саипов хабарлады.

Оның сөзінше, Сөз бостандығын қорғау жөніндегі халықаралық ассоциация (IFEX) түсірген өтінішке елдің бас прокуратурасы осылай жауап берген.

«Штаб-пәтері Канадада орналасқан ұйым елдің бас прокуратурасына менің ағама қатысты сауал жолдаған. Ол жақтан іс қайта қозғалды деген жауап алған. Біз де бұл жаңалықты естіп қуанып қалдық. 12 жыл бұрын менің ағамды өлтірген адамды табуы мүмкін емес шығар. Бірақ біз оны не үшін өлтіргенін білгіміз келеді», - дейді Шохрух Саипов.

26 жастағы журналист Алишер Саиповты 2007 жылдың 24 қазанында Ошта белгісіз біреулер атып өлтірген. Оны өлтірген адамдар әлі табылмады.

Алишер Саипов Voice of Ameriсa, RFE/RL-Ozodlik, BBC, Mashhad және «Ферғана.Ру» секілді ақпарат құралдарында жұмыс істеген. Ол елдегі саяси, діни жағдайлардан хабар таратып отырған. Адам құқықтары мәселесін зерттеген.

XS
SM
MD
LG