Ссылки доступа

Қырғыз депутаты "Бесінші каналды" сатуды ұсынды


Қырғызстан парламенті депутаты Дастан Бекешев елдің үкімет басшысы Мұхаммедкали Абылгазиевқа өтініш айтып, "Бесінші каналды" сатуды ұсынды.

«Соңғы уақытта Азаттық журналистік зерттеу жүргізсе, артынан сахнаға "Бесінші канал" шығатын болды. Бұл мемлекеттік канал, еркін баспасөзді сынамауы тиіс. Сын айтуға мемлекеттің өзі бұйрық беріп жатқан секілді болады. Бұл канал бізге керек емес, оны сату керек», - дейді депутат.

«Бесінші канал» 2005 жылы мемлекеттік телеканал негізінде Асқар Ақаевты биліктен кетіргеннен кейін құрылған. 2009 жылы каналды Оксана Малеваная басқарды. Бірақ 2010 жылғы сәуір оқиғасынан кейін ол 10 жылға сырттай сотталған. 2010 жылы Уақытша үкімет каналға ұлттық мәртебе беріп, мемлекет меншігіне өткізді. 2011 жылы каналдың бақылау пакеті парламентке берілген.

XS
SM
MD
LG