Дәрігер-инфекционист Умед Талбов кейбір балалардың ВИЧ-инфекциясын қалай жұқтырғаны әлі күнге дейін белгісіз дейді. Себебі денінің ата-анасының денсаулығы жақсы.
– Балалар жыныстық жолмен ауруды жұқтыруы мүмкін емес, - дейді дәрігер.
Бірақ оның сөзінше, балаларға қан құю, ине салу немесе тістерін емдеткен кезде жұқтыруы әбден мүмкін.
Тәжікстанда 68 СПИД орталығы бар. ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандарға дәрі-дәрмек тегін беріледі. 1-2 жасқа дейінгі сәбилердің тамағы да тегін беріледі. 18 жасқа дейінгі балалар айына 400-500 сомони (50 доллар) алып отырады.
Тәжікстанда ВИЧ-инфекциясымен ауыратындар саны ресми түрде 10 мың 700 адам, олардың 7 мыңы ер адам. Тәжікстанның денсаулық сақтау министрі Насим Олимзода олардың 54,6% індетті жыныстық жолмен жұқтырғанын айтқан. Ал балалардың 4% анасынан жұқтырған.