Ссылки доступа

Иракта жаппай наразылық кезінде 20 адам қаза тапты


Иракта үкіметке қарсы өтіп жатқан митингте кемінде 21 адам қаза тапты, жүзге жуығы жарақат алған. Associated Press агенттігі хабарлағандай, құрбан болғандардың арасында бейбіт тұрғындар мен полиция қызметкерлері де бар.

Полиция демонстранттарға оқ ататын құрал, көзден жас ағызатын газ қолданған. Ирак астанасы Бағдадта коменданттық сағат енгізілді. Билік интернетті бұғаттады.

Ирактағы наразылық акциялары екі күн бұрын басталған, жаппай жүріп жатыр. Наразылық білдірушілер елдегі коррупцияға, жұмыссыздыққа қарсы. Олар үкіметтің отставкасын талап етіп жатыр.

XS
SM
MD
LG