Ссылки доступа

Қырғызстанда 5 сынып оқушысы автобус астына түсіп қаза тапты


Қырғызстанның Сокулук ауданы Күн-Туу ауылында 5 сынып оқушысы жолаушылар автобусының астына түсіп, қаза тапқан. Бұл жөнінде елдің Жол қозғалысы қауіпсіздігі бас басқармасы мәлімдеді.

Оқиға 3 қазанда болған. Мәліметке қарағанда, оқушы автобустың артқы есігінен түсіп бара жатқанда, жүргізуші байқамай есікті жауып, қозғала бастағанда, баланың аяғы есікке қыстырылып қалған. Бала сол жерде мерт кеткен.

Оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG