Ссылки доступа

Өзбекстанда тоғыз жастағы қыздарға адам папилломасы вирусына екпе салып жатыр


Қазан айында Өзбекстанның барлық аймақтарында тоғыз жастағы қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы екпе салдыру басталды. Кейбір мәліметтер бойынша, бұл вирус әйел жатыры ісігін туғызады.

2010 жылы туған қыздарға жаппай екпе салдыру науқаны ата-аналардың алаңдаушылығын туғызды.

"Тегін екпені салдырыңыз. Қызыңыз он жасқа толғанда, оны ақшамен де жасай алмайсыз. Шетелде мұндай вакцина 100-200 доллар тұрады. Дәрігерлер бұны пайдалы екпе деп отыр" дейді ата-аналардың бірі.

Бұл уақытта әлеуметтік желілерде екпенің мұндай түріне қарсы ата-аналардың үндеуі жариялана бастады. Онда екпенің салдары ауыр тиетіні, гинекологтар оны салдырмауға кеңес бергені туралы айтылған.

Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігі жаңа вакцинаны АҚШ-тан 7 миллион долларға сатып алған.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елде жатыр ісігімен 1600 әйел ауырады. Күнде екі әйел осы кеселден көз жұмады" деді денсаулық сақтау министрінің орынбасары Эльмира Баситханова.

XS
SM
MD
LG