Ссылки доступа

Тәжік адвокаты Бузургмехр Ёров рақымшылық сұраудан бас тартты


Ұзақ мерзімге сотталған тәжік адвокаты Бузургмехр Ёров жақында Вацлав Гавел атындағы сыйлыққа ие болды. Страстургтегі салтанатты жиында бұл сыйлықты оның ағасы Жамшед Ёров алды.

"Осы шарада біз Бузургмехр ісін әлемге таныстырамыз. Түрмеде отырған бауырыма БҰҰ өкілдері мен журналистермен кездестіруге рұқсат береді деп үміттенеміз. Оның ісі қайта қаралуы керек" деді адвокаттың бауыры.

"Бузургмехрдің сағы сынған жоқ. Оған презеидент Эмомали Рахмоннан рақымшылық беруін сұрау туралы кеңес берген. Бірақ ол құжаттарға қол қоюдан бас тартқан. Бузургмехрдің кінәсі жоқ, ол бостандық талап етеді".

Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары Еровты саяси тұтқын деп есептеп, Душанбеден оны тез арада босатуын талап еткен. Еров өзіне қарсы қозғалған істі адвокат қызметімен байланысты деп есептейді. Ол Тәжікстанда тыйым салынған Ислам өркендеу партиясының мүшелерін сотта қорғаған еді.

XS
SM
MD
LG