Ссылки доступа

Азамттығы жоқ мыңдаған адамға тегін қызмет көрсеткен қырғыз заңгері БҰҰ сыйлығын алды


Азизбек Ашуров. Женева, 2 октября 2019 г.
Азизбек Ашуров. Женева, 2 октября 2019 г.

Қырғыз заңгері Азизбек Ашуров БҰҰ босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Нансен сыйлығына ие болды. Мараппаттау салтанаты Женевада 2 қазанда өтті.

Қырғызстан биыл маусым айында азаматтығы жоқ адамдардың мәселесін шешкен әлемдегі алғаш ел атанды. Оған Азизбек Ашуровтың да еңбегі сіңген. Оның "Ферғана алқабы заңгерлері" ұйымы азаматтығы жоқтарға тегін қызмет көрсеткен.

Төрт жылдың ішінде он мыңнан астам адам заңгер көмегі арқылы азаматтық алған.

Нансен сыйлығын өткен жылы Оңтүстік Судан ауруханасының бас хирургы Эван Атар Адахаға берілді. Ол жиырма жылдан астам уақыт бойы босқындар мен жергілікті тұрғындарға медициналық көмек көрсетіп келеді.

XS
SM
MD
LG