Ссылки доступа

Украина АҚШ-тан 150 Javelin зымыранын сатып алады


javelin на параде в Киеве в 2018 году

АҚШ мемлекеттік департаменті Украинаға 150 Javelin зымыранын сатуға рұқсат берді. Жоба құны - 39 миллион доллар. Бұл туралы АҚШ қорғаныс министрлігі хабарлады.

Өткен жылы АҚШ Украинаға 200 зымыран мен 37 ату құрылғысын сатқан.

АҚШ пен Украина президенттері 25 маусымда телефон арқылы зымыранның осы түрі туралы әңгімелескен еді. Владимир Зеленский Javelin зымырандарын тағы да сатып алғысы келетінін айтқан. Трамп ол үшін Джо Байден ұлының Украинадағы қызметін зерттеуін сұраған. Конгрестегі демократтар бұны Украина президентіне жасалған қысым деп есептеп, Трампқа қарсы импичмент жариялауға кірісті.

Украинаға қару беру ісін Трамп әкімшілігі қолға алған. Оған дейінгі президент Барак Обама Украинаға ұшпайтын қару берумен шектелген.

Украинаның шығысындағы жанжал ошағында Javelin зымырандары қолданған-қолданбағаны әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG