Ссылки доступа

Үндістанда Махатма Ганди күлі салынған құты жоғалып кетті


Махатма Ганди

Үндістан тәуелсіздігі қозғалысының жетекшісі болған Махатма Ганди күлі салынған құты жоғалып кетті. Мемориал орталықтан құты ұрлаған бұзақылар оның суретіне "сатқын" деп жазып кеткен.

The Wire басылымының хабарлауынша, оқиға 2 қазанда тіркелген. Бұл күні саясаткердің дүниеге келгеніне 150 жыл болған.

Гандиді 1948 жылы қаңтарда өлтіріп кетті. Оның денесінің күлі салынған құтылардың бірі Мадхья-Прадеш штатындағы мемориал орталықта сақталған. Ұрлық кешкі сағат 11-де белгілі болды. Полиция қылмыскерлерді іздестіріп жатыр.

Ганди британ отарлау әкімдігіне қарсы қозғалысты басқарды. Үндістан халқы оны ұлт атасы деп есептейді. Ганди ел басқарған уақытта Үндістан 1947 жылы тәуелсіздік алды.

Радикал топтар саясаткерді саясаткерді елдің екіге - Үндістан мен Пәкістанға бөлінуіне жауапты деп айыптаған.

XS
SM
MD
LG