Ссылки доступа

Алматыдағы абақтыда аштық жариялаған сегіз адамның екеуі наразылықтан бас тартты


"Терроризмді насихаттады", "араздық тудырды" деп айыпталған сегіз адамның екеуі аштық акциясынан бас тартқан.

Бұл туралы Азаттық радиосына сегіз жылға сотталған Болатбек Нұрғалиевтің анасы Сәуле Нұрғалиева хабарлады. Оның айтуынша, Болатбек наразылық акциясын жалғастырып жатыр, ал Азамат Үмбетәлиев пен Жасұлан Искаков аштықты доғарған.

Дегенмен Азаматтың анасы Анжелика Беляева аштық акциясы апелляциялық сотқа дейін уақытша тоқтағанын ескертті.

Жасұланның әкесі Мейрам Искаков баласының наразылық акциясын доғарғанын растады.

5 тамызда Алматыда сегіз адам "террорм насихаттады", "араздық тудырды" деген айыптармен сотталды. Іс материалдарында күдіктілер "салафизм идеясын насихаттау үшін" WhatsApp мессенджерін қолданғаны айтылған.

XS
SM
MD
LG