Ссылки доступа

Қырғызстанда желіде тараған қыз алып қашу видеосы тексеріліп жатыр (видео)


Қырғызстанның Талас өңірінде қыз алып қашу бойынша әлеуметтік желіде тараған видео тексеріліп жатыр. Бұл жөнінде Талас облыстық милициясы хабарлады. Милицияға қыз алып қашу бойынша арыз түспеген.

Әлеуметтік желілерде тараған видеода шымылдықтың артында жас қызға күшпен орамал тағып жатқан әйелдерді және той әндері айтылып жатқанын байқауға болады. Видеода 16 жастағы қызды 35 жастағы жігіттің алып қашқаны жазылған.

Қырғызстанда жаңадан қабылданған Қылмыстық кодекске сәйкес, қыз алып қашу бойынша жаза күшейтілген. Заң бойынша қызды еркінен тыс күштеп алып қашқан адам 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ал жасөспірім қызды мәжбүрлеп некеге тұрғызғандар 200 мың сом көлемінде айыппұл төлейді.

XS
SM
MD
LG