Ссылки доступа

Өзбекстанда діндарларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр


Иллюстративное фото.
Иллюстративное фото.

Ферғана, Наманган және Әндіжан облыстарында құқық қорғау органдарының, махалла комитеттерінің қызметкерлері мен мектеп мұғалімдері "Діни ортаны сауықтыру" тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Әндіжан облысы Шахрихан ауданына қарасты Калача ауылында өткен осындай бір жиынның аудиотаспасы Озодлик радиосы редакциясына жолданды. Жиналысқа 18-19 жастағы ер азаматтар, арнайы тізімде тұрғандар, сақал өсіргендер мен мешітке жиі баратындар қатысты деп хабарлады дереккөз.

Аудиотаспада Шахрихан ішкі істер бөлімінің испекторымен деп таныстырған Элмурад Ахмадалиев жастарды сақал қоймауға шақырған. "Барлықтарың сақал қойсаңдар, мемлекет істерімен және ауыл шаруашылығымен кім айналысады? Сақалды алпыстағы қарттар ғана қоя алады" дейді инспектор.

Оның айтуынша, "арабтардың киімі өзбектерге үлгі бола алмайды". "Ата-баба дәстүрін сақтайық. Алла біздің жүрегімізде, ал қолымыз жұмыстан босамасын. Атасы көсе, баласы сақал қойған дегенің барып тұрған масқара", - деді Элмурад Ахмадалиев.

Махалладағы жиналыста хаттама толтырылған. Құжатта "60 жастан асқан ер азаматтарға ғана сақал қоюға рұқсат" екені айтылған.

XS
SM
MD
LG