Ссылки доступа

Куба 43 жылда алғаш рет президент таңдады. Ол - Диас-Канель


Мигель Диас-Канель
Мигель Диас-Канель

Куба ұлттық ассамблеясы Мигель Диас-Канельді ел президенті етіп сайлады. Куба парламенті бұл жаңалықты твиттер арқылы таратты.

Куда президенті қызметіне 17 үміткер таласты. Диас-Канельге 605 депутаттың 579-ы дауыс берді деп жазды Куба компартиясының ресми газеті Granma.

1976 жылы Кубада президент қызметін алып тастады. Мемлекеттік кеңес төрағасы ел басқарды. Президент қызметі 2019 жылдың басында қайта пайда болды. Жаңа қабылданған Конституция бойынша, президентті парламент бес жылға сайлайды. Ол мерзімге ғана сайлана алады.

Диас-Канель Кубаны Мемлекеттік кеңес төрағасы ретінде 2018 жылдан басқарды.

Жаңа Конституция 2019 жылы ақпанда өткен референдум нәтижесінде қабылданды. Куба тұрғындарының 73 пайызы құжатты қолдады.

XS
SM
MD
LG