Ссылки доступа

Назарбаев Түркітілдес елдер әріптестігі кеңесінің саммитіне қатысады


14 қазанда Әзірбайжанда Түркітілдес елдер әріптестігі кеңесінің саммиті басталады.

Саммитке Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев, Түркия басшысы Режеп Ердоған, Қырғызстан президенті Сооронбай Жэнбеков және Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысады.

Түркітілдес мемлекеттер әріптестігі кеңесі - түркі мемлекеттерінің басын қосатын халықаралық ұйым. Мақсаты - Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия арасындағы әріптестікті дамыту. 2018 жылы ұйымға Өзбекстан қосылды.

2018 жылы кеңес саммиті Шолпан-Атада өтті. Алғашқы саммит 2011 жылы Қазақстанда ұйымдастырылды.

XS
SM
MD
LG