Ссылки доступа

Трамп Түркияға қысым көрсету үшін Пенс пен Помпеоны Анкараға жіберіп жатыр


АҚШ вице-президенті Майк Пенс пен мемлекеттік хатшы Майк Помпео Түркиядан Сирияның солтүстігіне бастаған әскери операциясын тоқтатуды талап етіп, сәрсенбіде Анкараға бармақ. Бұл жөнінде АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді.

Трамп Түркия шабуылды тоқтатпаса, ең қатты санкциялар салатынын тағы ескертті.

Ақ үйдің хабарлауынша, Майк Пенс бейсенбі күні Анкарада Түркия президенті Режеп Ердоғанмен кездеспек.

XS
SM
MD
LG