Хатты CNN телеарнасы жариялады. Трамп Ердоғаннан Сириядағы күрдтермен тиімді келісім жасауын сұраған. Бұған қоса Трамп Түркия әскері Сирияға басып кірген жағдайда, мыңдаған адамның өліміне Ердоған жауап болатынын ескерткен. АҚШ президенті санкциялар арқылы түрік экономикасын "талқандайтынын" жазған.
Хат шынымен Трамп жазғанын Ақ үй өкілі растады.
Түркия 9 қазанда Сирияның күрдтер бақылауда ұстап отырған аймағына басып кірді. Күрдтер Сирия үкіметінен көмек сұрады.
15 қазанда АҚШ Түркияға санкция енгізді. АҚШ қаржы министрі Стивен Мнучин экономикалық қысым күшейе түсетінін мәлімдеді.
17 қазанда АҚШ вице-президенті Майк Пенс пен мемлекеттік хатшы Майк Помпео Түркия президенті Ердоғанмен кездеседі.