Ссылки доступа

Іздеудегі журналист Хайрулло Мирсаидов кінәсіздігін БҰҰ арқылы дәлелдегісі келеді


Хайрулло Мирсаидов
Хайрулло Мирсаидов

Тәжікстан КВН құрамасының бұрынғы капитаны, журналист Хайрулло Мирсаидов бір жылдан бері шетелде тұрып жатыр. Іздеуде жүрген журналист рақымшылық туралы заңға үміт артып отыр.

Әділет министрлігі Мирсаидовқа да рақымшылық жариялануы мүмкін екенін хабарлады. Дегенмен журналист өзін кінәсізбін деп есептейді.

Жақын күндері ол Біріккен Ұлттар Ұйымына шағымдануды көздеп отыр. "Рақымшылық Тәжікстанда сотталған мыңдаған адамға қажет, олардың көбі кінәсіз. Дегенмен кінәсіз сотталған көп адам түрмеде қала береді", - деді ол.

2018 жылы 11 маусымда Худжанд қалалық соты Хайрулло Мирсаидовты 12 жылға соттады. Ол мемлекет мүлкін ұрлаған, жалған құжат жасаған, жалған мәлімет берген деп айыпталды. Кейін кассациялық сот Мирсаидовқа шығарылған жазаны қоғамдық жұмыс пен 80 мың сомони (8,5 мың доллар) айыппұлға өзгертті. Журналист сот залынан босап шықты.

Қазір журналист Еуропа елдерінің бірінде тұрып жатыр.

2018 жылдың соңында Худжанд соты Хайруллоны 8 айға соттаған, 2019 жылы ақпанда оған іздеу жарияланған.

2019 жылы 16 қазанда Тәжікстан президенті Конституцияның қабылданғанына 25 жыл толуына орай "Рақымшылық туралы" заң жобасын парламентке ұсынды. Құжат 20 мыңнан астам адамға рақымшылық беруді қарастырады.

XS
SM
MD
LG