Ссылки доступа

Қазақстан Өзбекстанмен шекарадағы өткізу бекетін бірнеше айға жабады


Ташкент облысында Қазақстанмен шекарадағы “Яллама” өткізу бекеті 2020 жылға дейін жабылады.

Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі таратқан ақпаратқа сәйкес, "Б.Қонысбаев" атындағы өткізу бекеті қайта жөндеу жұмыстарына байланысты биыл 1 қарашадан бастап жабылады.

Осыған байланысты Өзбекстанның кеден комитеті тауар тасымалдаушыларға, ауыр және жеңіл көлік жүргізушілеріне қазақ-өзбек шекарасындағы өзге өткізу бекеттерін пайдалануға кеңес береді.

"Б.Қонысбаев" өткізу бекеті Ташкент облысы Чиназ ауданындағы "Яллама" өткізу бекетімен түйіседі.

XS
SM
MD
LG