Ссылки доступа

Пентагон әскерін Сириядан Иракқа жіберді


Сириядағы Америка әскері
Сириядағы Америка әскері

Вашингтон Сирияның солтүстік-шығысындағы әскерін Иракқа жіберіп жатыр. Бұл жөнінде АҚШ қорғаныс министрі Марк Эспер мәлімдеді.

Оның сөзінше, 700-ден астам америка әскері Ирактың батысына орналасып, "Ислам мемлекеті" террористік ұйыммен күресті жалғастыра береді.

Сирия мемлекеттік SANA агенттігінің хабарлауынша, Американың әскри көлігі жексенбі күні Сириядан Солтүстік Иракқа қарай шыққан.

Агенттік мәліметінше, 100-дей жүк көлігімен әскери күзет ілесіп барады.

9 қазанда Түркия Сирияның солтүстігіндегі күрдтерге қарсы әскери операция бастаған. Анкара оларды террористік ұйым деп есептейді. Вашингтон керісінше "Ислам мемлекеті" террористік ұйымымен күресте күрдтермен одақтас болған.

Өткен аптада Түркия мен АҚШ Сирияның солтүстігіндегі Анкара операциясын тоқтата тұруға келісті. 120 сағат ішінде күрд қарулы әскері соғыс алаңын тастап шығуы тиіс. Бірақ Түркия мен күрдтер келісімді бұзып, оқ атты деп бір-біріне айыптап жатыр.



XS
SM
MD
LG