Ссылки доступа

Еуроодақ Ұлыбританияға ұйымнан шығуға ақпанға дейін уақыт беруі мүмкін


Премьер-министр Великобритании Борис Джонсон в парламенте
Премьер-министр Великобритании Борис Джонсон в парламенте

Британ премьер-министрі Борис Джонсон осы аптада Брекзит туралы заң жобасын парламенттен өткізе алмаса, Ұлыбританияның Еуропа одағынан шығуы 2020 жылдың ақпан айына қалуы мүмкін. Бұл туралы The Times Еуроодақтағы дипломатиялық дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Дереккөздер ұйымнан шығу мерзімі өзгеруі мүмкін екенін ескерткен. Британ парламенті заң жобасын бекіткен жағдайда, Ұлыбритания қараша, желтоқсан немесе қаңтар айында ұйымнан шыға алады.

Премьер-министр заң жобасын өткізе алмаса немесе парламент екінші мәрте референдум өткізу керек деп тапса, онда Еуроодақ Брекзитті келесі жылдың маусымына дейін созуы мүмкін.

Сенбі күні британ парламенті Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуына қатысты құжаттардың барлығы бекітілмейтінше, Брекзит туралы заң жобасы дауысқа салынбайды деп шешті.

Британ премьері Брекзит 31 қазанда аяқталады деп отыр. Дүйсенбі күні ол қажетті заң жобаларын парламентке ұсынуды көздеп отыр.

XS
SM
MD
LG