Ссылки доступа

Өзбекстан билігі интернет қолданушылардың жазбаларын бақылайды


Өзбекстанның ақпарат және байланыс агенттігі сайт қожайындары мен блогерлерге тыйым салынған жазбаны өшіру үшін 24 сағат уақыт берілгенін ескертіп отырады.

Агенттік жобаны министрлер кеңсесіне тапсырды.

Қаулы қабылданған жағдайда, агенттік интернет кеңістігіне бақылау орнатады. Сол себепті веб-сайт қожайындары, блогерлер де жарияланатын мәліметтің шын екеніне көз жеткізіп алуы керек.

Бұған қоса сайт қожайындары мен блогерлер, агенттіктен ескерту алған жағдайда, Өзбекстан заңдарына қайшы келетін мәліметтерді алып тастауы тиіс.

XS
SM
MD
LG