Ссылки доступа

Астраханда Өзбекстанның 25 азаматы құлдықтан босатылды


Өзбекстанның Ростов-на-Дон қаласындағы консулдығы Астрахан облысында жергілікті кәсіпкерлердің бірі құлдықта ұстаған 25 азаматтың құжаттары мен жалақысын алуға көмектесті. Бұл туралы Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметі бойынша, 24 қазанда консулдық қызсеткерлері Астраханда арызданған бір топ азаматты қабылдады. Жұмыс беруші олардың төлқұжаттарын алып қойып, жалақы төлемеген.

"Азаматтардың құжаттары қайтарылды, айлық төленді. Олар елге қайтты" делінген министрлік хабарламасында.

Консулдық тексеру кезінде басқа да заң бұзылғанын анықтаған. Сол себепті Астрахан облысындағы тиісті билік органдарына хабар берген.

Бас консулдық өкілдері Шетел азаматтарын уақытша ұстау орталығында болған. Мұнда рұқсатсыз жұмыс істеген 50 өзбек азаматы отыр. Олардың 11-не Өзбекстанға қайтуға куәлік берілді.

XS
SM
MD
LG