Ссылки доступа

Түркіменстан президенті балалар үйіне велосипедтер сыйлады


Ашғабадтағы велосипед күні

Түркіменстан президенті балалар үйінің тәрбиеленушілеріне велосипедтер сыйлады.

ТДХ мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, шенеуніктер "Döwletliler köşgi" балалар үйіне барып, түркімен президентінің атынан велосипедтер тарту еткен. Салтанатты шарадан кейін жаппай веложарыс ойыны өткен. Оған жоғары лауазымды шенеуніктерден бастап, студенттерге дейін атсалысқан.

Түркіменстанда велоспорт мемлекеттік деңгейде насихатталады. Жыл сайында елде велосипед күні атап өтіледі.

Түркімен президенті бастаған велоспортшылар жаппай серуен өткізу бойынша Гиннестің рекордтар кітабына екі рет енген.

XS
SM
MD
LG