Ссылки доступа

Тәжік самбошылары Оңтүстік Кореяда өтетін әлем біріншілігіне барады


Тәжік спортшылары Оңтүстік Кореяның Чхонджу қаласында өтетін самбодан әлем чемпионатына қатысады. Осының алдында Сеул тәжік самбошыларына виза беруден бас тартқан, себебі 2016 жылы осы елде өткен жарыстан кейін спортшылар отанына оралмаған.

Тәжікстанның самбо федерациясы 9 спортшы мен олардың жаттықтырушысы Оңтүстік Кореяға виза алғанын хабарлады.

Азаттықтың тәжік қызметі дереккөзінің мәліметінше, Тәжікстан үкіметі спортшылардың жарыстан кейін еліне қайтуына кепіл берген.

2016 жылы Кореяға жарысқа барған төрт тәжік балуаны еліне қайтпай қалған.

8-10 қарашада оңтүстіккореялық Чхонджу қаласында ер мен әйелдер арасында самбодан әлем чемпионаты өтеді.

Оңтүстік Кореяға жұмыс іздеп кеткен тәжікстандықтардың нақты саны белгісіз.

XS
SM
MD
LG