Ссылки доступа

Өзбекстан мешіттерінде азан үні бәсеңдетіліп жатыр


Наманған қаласындағы мешіттерде бір аптадан бері дауыс күшейткіштің жәрдемімен азан айту тоқтатылды. Бұл туралы Азаттықтың өзбек қызметіне жергілікті белсенді Аббас Асад хабарлады.

Оның айтуынша, азан үнін азайтуға Наманған облысының бас имам-хатибы бұйрық берген.

Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі дауыс күшейткіш пен азан айтуға тыйым салғанын растады. Оның айтуынша, Наманған, Ферғана, Әндіжан және Ташкент қаласының тұрғындары азан үні қатты шығады деп шағымданған.

Азаттықтың өзбек қызметі мәлімдегендей, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиевтің 2019 жылдың 4 қыркүйегіндегі құпия бұйрығында мешіттерде азан дауысын бәсеңдетуге бұйрық берілген.

Өзбекстанда 2005 жылы Әндіжан оқиғасынан кейін мешіттерде азан айтуға тыйым салынған. Бұл шектеу 2017 жылдың қараша айында алынып тасталды.

XS
SM
MD
LG