Резолюцияны 232 депутат қолдап, 196-сі қарсы дауыс берді. Негізінен барлық республикашылдар мен екі демократ қарсы болды. Палатада демократтар көпшілікті құрайды.
Резолюция ашық тексеру жүргізуге, жабық жиындардағы стенограмманы ашық жариялауға құқық береді.
Президент Дональд Трамп Өкілдер палатасының шешімін сынға алды.
АҚШ-та президентке сенімсіздік таныту жөніндегі жанжал Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің 25 шілдедегі телефон әңгімелерінен кейін шықты. Арнайы қызметтің өкілі онда Құрама Штаттар президенті өзінің басты саяси қарсыласы, бұрынғы вице-президент Джо Байден мен оның ұлы Хантердің Украинадағы істерін тергеуге тапсырма берген деп мәлімет берген.
Демократтар басымдық ететін Өкілдер палатасы Трампты "қызметін асыра пайдаланды" деп айыптап, оған импичмент жариялауды бастау әрекетіне кіріскен. Президент Трамп бұған байланысты демократтарды сынап келеді.