Ссылки доступа

Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Тәжікстан СІМ басшысына хат жазды


Президент Радио Свободная Европа / Радио Свобода» Джейми Флай и министр иностранных дел Таджикистана Сироджиддин Аслов. Душанбе, 28 августа 2019 года
Президент Радио Свободная Европа / Радио Свобода» Джейми Флай и министр иностранных дел Таджикистана Сироджиддин Аслов. Душанбе, 28 августа 2019 года

Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Джейми Флай Тәжікстан сыртқы істер министрі Сироджиддин Асловқа хат жазды.

Хат авторы Озоди радиосының бірнеше журналисіне аккредитация бермей отырған Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің шешімін сынады. Министрлік "ұйымның Тәжікстандағы миссиясына кедергі келтіріп отыр" деп жазды.

"Министрлік біздің журналистерге аккредитация беру туралы өтінішімізге кеше ғана жауап берді, оның өзінде өтініш жартылай орындалған" деді Джейми Флай. Азат Еуропа/Азаттық радиосы қысымға қарамастан, Тәжікстанда болып жатқан оқиғалар туралы хабар тарата беретінін айтып, Тәжікстан сыртқы істер министрлігін Озоди Радиосының барлық журналистеріне тез арада аккредитация беруге шақырды.

Озоди радиосының 11 журналисі мен қызметкеріне елде жұмыс істеуге тыйым салынған, өйткені олар сыртқы істер министрлігінің аккредитациясын алмаған.

Еске салайық, АҚШ-тың бір топ сенаторы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға хат жазып, Озоди радиосы қызметкерлеріне аккредитация бермей отырғанына алаңдаған. Сенаторлар "бұл жағдай АҚШ-Тәжікстан қарым-қатынасына әсер ететінін" ескерткен. Алдын, 9 қазанда АҚШ Конгрессі шетел журналистеріне аккредитация беру механизмін сөз бостандығын шектеу үшін қолданғанын сынаған еді.

Озоди радиосы Тәжікстанда тәуелсіз ақпарат таратып отырған санаулы ақпарат құралының бірі. Озоди Радиосының YouTube платформасындағы арнасы елде өте танымал (828 мың жазылушы, биыл ондағы видеоларды 195 миллион рет көрген).

XS
SM
MD
LG