Ссылки доступа

Өзбекстандық құқық қорғаушы Агзам Тургунов People in Need сыйлығын алды


Кеңсесі Прагада орналасқан People in Need ("Көмекке зәру адамдар") адам құқықтарын қорғау ұйымы 31 қазанда өзбек адам құқықтарын қорғаушы Агзам Тургуновқа "Әділетсіздік оқиғасы" сыйлығын табыс етті.

People in Need ұйымы бұл сыйлықты 15 жылдан бері "тоталитарлы жүйенің қудалауына ұшырағандарға" беріп келеді.

"Агзам Тургунов диакторлық жүйеге қарсы күресте көрсеткен батырлығы үшін осы сыйлыққа ие болды" делінген ұйым мәлімдемесінде.

66 жастағы Агзам Тургунов Өзбекстанда құқық қорғау органдары мен күш құрылымдарынан зардап шеккендерді қорғаумен шұғылданады. Ол президент Ислам Каримов билігі кезінде қудаланып, түрмеге түскен. Каримов өлімінен соң ғана бостандыққа шыққан.

Колониядан босаған Тургунов қазір Каримов басқарған жылдары әділетсіз қудаланғандарды қорғаумен шұғылданып жүр. Ол құрған ұйымды Өзбекстанның әділет министрлігі тіркемей отыр.

XS
SM
MD
LG