Ссылки доступа

ЮНИСЕФ: Тәжікстанда туу туралы куәлігі жоқ 3 мың бала анықталды


Тәжікстанда жүздеген баланың туу туралы куәлігі жоқ және олар ешқандай әлеуметтік жеңілдіктер алмайды деп мәлімдеді ЮНИСЕФ-тің Тәжікстандағы өкілдігі.

Ақпаратқа қарағанда, "Әке-шешесі миграцияда жүрген балаларды қорғау" бойынша ЮНИСЕФ пен тәжік үкіметінің жобасы негізінде жүргізілген тексеруде туу туралы куәлігі жоқ 3 мыңға жуық бала анықталған. Олардың ішінде 9 жастан 18 жасқа дейінгі 2 мың балаға метирка берілді.

Ұйым мәліметінше, олар еш жерде тіркеуде тұрған емес, білім беру мекемелеріне бармайды және әлеуметтік жәрдемақы алмайды.

ЮНИСЕФ зерттеуі бойынша, мигранттардың балалары ұзақ уақыт әке-шешесінен алыста болғандықтан, көбінің психикасы бұзылған.

Қазір Тәжікстанда туу туралы куәлігі жоқ балалардың нақты саны әлі белгісіз.

XS
SM
MD
LG