Ссылки доступа

Қырғызстан мен Қытай шекарасы аймағында сауда-логистикалық орталығы ашылуы мүмкін


Қырғызстан премьер-министрі Мухаммедкалый Абылгазиев Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдерді Қырғызстанның Қытаймен шектесетін аймағына сауда-логистикалық орталық құруға шақырды. Бұл туралы ол ШЫҰ мемлекеттерінің үкімет басшыларының Ташкентте өткен жиынында мәлімдеді.

"ШЫҰ банкін және ШЫҰ даму қорын құру мәселелерін, транспорттық-логистикалық сала бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру керек. Есептесулер ұлттық валюта арқылы жүзеге асуы тиіс. Бұл дүниежүзілік қаржылық дағдарыста қажет. Индустриалдық парк және транспорттық-логистикалық орталық бойынша тараптарға Қырғызстанның Қытаймен шектесетін аймағында сауда-логистикалық орталықты құруға белсенді қатысуға шақырамын", - деп мәлімдеген қырғыз үкімет басшысы.

Мухаммедкалый Абылгазиев бұл жобаны іске асыру барлық елдерге экономикалық және коммерциялық тұрғыдан пайда әкелетінін ескерткен.

ШЫҰ 2001 жылы Шанхайда құрылды. Оған Қырғызстан, Қазақстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдері мүше. Бұдан бөлек Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия бақылаушы мәртебесіне ие.

XS
SM
MD
LG