Ссылки доступа

Грозныйдың бұрынғы мэрі адамдарды электрошокермен қинағаны үшін кешірім сұрады.


Ислам Кадыров әйелді қорқытып тұр. "Грозный" телеканалындағы сюжеттен үзінді.
Ислам Кадыров әйелді қорқытып тұр. "Грозный" телеканалындағы сюжеттен үзінді.

Грозныйдың бұрынғы мэрі Ислам Кадыров қала басшысы болып тұрғанда тұрғындарға қарсы электрошокер қолданып, оларды кемсіткені үшін кешірім сұрады. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі экс-мэрдің жергілікті "Грозный" телеканалына берген сұқбатына сілтеме жасап хабарлады.

"Менің ақталуға құқығым жоқ, жүз пайыз кінәлімін. Жасаған қателіктерім үшін кешірім сұрауға дайынмын. Менің әрекеттерімде ешқандай жасан ой болған емес, алаяқтарға алданғандарға көмектескім келді. <...> Маған 29 рет наркоз беріп, дәрілер ішуім керектігін айтқан. Бірақ мен іс-әрекетім тура, адамдарға көмектесіп жатырмын деп ойладым. Қазір оның бәрі қате екенін түсіндім", - деді экс-мэр.

Ислам Кадыров – Рамзан Кадыровтың аталас інісі. Ол Грозныйдың басшысы қызметіне 2012 жылы 25 жасында сайланып, Ресейдегі ең жас мэрі атанған. Бұл қызметте ол үш жыл істеген.

Қазан айының ортасында Шешенстанның мемлекеттік "Грозный" телеканалы экс-мэр Ислам Кадыровтың адамдармен жұмыс істеу тәсілі туралы сюжет көрсеткен. Онда бұрынғы қала әкімінің электрошокер қолданып, адамдарды қорқытып жатқаны туралы видео бар.

XS
SM
MD
LG