Ссылки доступа

Қырғызстан мен Тәжікстанның арнайы қызмет басшылары шекара қауіпсіздігін талқылады


Тәжікстандағы Исфара қаласында қырғыз және тәжік арнайы қызмет өкілдерінің кездесуі өтті.

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің мәліметі бойынша, екі елдің делегацияларын арнайы қызмет басшылары Орозбек Опумбаев пен Саймумин Ятимов бастап келді. "Кездесуде екі республиканың шекаралас аудандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі талқыланды" делінген арнайы қызмет мәлімдемесінде.

Тараптар шекарада қауіпсіздікті нығайту керек деген қорытынды жасаған.

2019 жылдың басынан бері Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында оннан астам жанжал тіркелді. 16 қыркүйектегі қақтығыстан төрт адам қаза тапты. Билік мәліметі бойынша, екі ел арасындағы шекараның шамамен 405 шақырымы әлі белгіленбеген.

XS
SM
MD
LG