Ссылки доступа

Шымкентте екі бала астан уланып қаза тапты


Шымкент қаласында бір отбасында екі бала астан уланып қаза тапты. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма хабарлады.

3 қарашада бір әйел мен оның үш баласы ауруханаға түсті. 1987 жылы туған әйелді бір жастағы баласы және 11 жастағы қызымен бірге аурухананың токсикологиялық бөлімге ауыстырды.

Дәрігерлер екі баланы құтқарып қала алмады. 2015 жылы туған бала таңертең ауруханада жан тапсырды. Түстен кейін 2018 жылы туған бала қаза тапты.

Құтқарушылар олардың барлығы тамақтан уланған болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.

XS
SM
MD
LG