Ссылки доступа

Бішкектің бұрынғы екі басшысының қамаудағы мерзімі ұзартылды


Бішкек қаласының бұрынғы басшылары Кубанычбек Кулматов пен Албек Ибраимовтың қамаудағы мерзімі 2020 жылдың 6 қаңтарына дейін ұзартылды. Қаладағы Ленин аудандық соты осындай шешім шығарды.

Бұған дейін олар сотта куәлік беруден бас тартқан. Олар "негізсіз тағылған айыптар үшін ақталғысы келмейтіндерін" айтқан. Соттың келесі отырысы 6 қарашада өтеді.

Кубанычбек Кулматов мектеп құрылысына бөлінген ақшадан 2 миллион доллар ұрлаған деп айыпталды.

Албек Ибраимовқа бюджет қаражатын бірнеше мәрте ұрлаған деген айып тағылды.

Адвокаттардың бұл екеуінің ісін екі бөлек қарау туралы өтінішін сот қабылдамай тастады.

XS
SM
MD
LG