Ссылки доступа

Трамп импичментіне қатысты істегі дереккөз жазбаша куәлік береді


Америкалық барлау қызметкері Өкілдер палатасының барлау жөніндегі комитетіндегі республикашыларға жазбаға түрде куәлік беруге келісті. Бұл туралы оның адвокаты Марк Заид CBS News телеарнасына хабарлаған.

Барлау қызметкерінің мәліметі президент Дональд Трампқа импичмент жариялауға негіз болған. Республикашылдар импичмент әрекетін әділетсіз деп есептейді.

Адвокаттың айтуынша, жазбаша жауап беретін дереккөз өзінің кім екенін құпия сақтайды. Президент Трамп мәлімет берушінің аты-жөнін жариялауды талап еткен еді.

Трамп құпия түрде мәлімет берушінің бұрынғы президент Барак Обаманың "адамы" деп атаған.

Президент Трамп Украина президенті Зеленскиймен әңгімесі бұрмаланғанын, ол Украина президентіне қысым жасамағанын, АҚШ жоғары лауазымды адамдарының қатысы болуы мүмкін жемқорлық істі тексеруді ғана сұрағанын айтады. Ақ үй жариялаған телефон әңгімесінде "жемқорлық тексерілмесе, Украинаға берілетін әскери көмек кідіртілетіні" жайлы сөз болмаған. Алайда өкілдер палатасында сұралған бірқатар шенеуніктер "Украинаны Трамп шартын орындауға мәжбүрлеу үшін әскери көмек кідіртілді" деген болжамды растайды.

XS
SM
MD
LG