Ссылки доступа

Қырғызстанға темір жол салуға Ресей мен Өзбекстан көмектеспек


"Қырғыз темір жолы" мемлекеттік компаниясының өкілі Жамшитбек Калилов "Қытай - Кыргызстан-Өзбекстан темір жолы" жобасы бойынша Ресеймен техникалық-экономикалық негіздеме жасап шыққанын мәлімдеді.

"Ресеймен техникалық-экономикалық негіздеме жасадық. Қазір Ресей қаражат мәселесін қарастырып жатыр. Өзбекстан құрылыс жағына жәрдем береміз жеп жатыр", - деді ол.

Қырғызстан аймағы арқылы өтіп, Қытайды Еуропамен байланыстыратын темір жол құрылысы - көп жылдан бері айтылып, бірақ жүзеге аспай келе жатқан жобалардың бірі.

2002 жылы Бейжің жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін анықтап, бағыттаған болатын. Онда жол Торугарт арқылы Арпа жайлауына өтіп, Өзгөн ауданынан Қара-Сууға барып, одан әрі қарай Өзбекстанға өтеді. Қашықтығы 268 шақырым деп есептелген. Бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев билікке келгеннен кейін Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолын құру жобасының орнына Тәжікстан-Қырғызстан-Қазақстан-Ресей темір жолын салу жобасын көтерген. Бірақ бұл ешқандай тараптан қолдау таппады. Осыдан кейін қазіргі қырғыз билігі қайтадан Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан темір жолының құрылысын жақтап, осы бойынша жұмыс істейді көздеп отыр.

XS
SM
MD
LG