4-13 қарашада Ташкент облысында өтіп жатқан әскери жаттығу терроризмге қарсы бағытталған.
Үндістандық басылымдар Үндістан қорғаныс министрі Өзбекстанға 15 жылдан бері бірінші рет іс сапармен барғанын жазып жатыр.
Сингх Өзбекстанда екіжақты кездесулер өткізіп, оның аясында өзара ынтымақтастық жөнінде үш бірдей меморандумға қол қойған. Олардың бірі Өзбекстанның екі жоғары оқу орнында әскери медициналық білім алуға қатысты.