Ссылки доступа

Душанбеде салынып жатқан қонақ үйден өрт шықты


4 қарашада таңертең Душанбеде "Сомониён" қонақ үйі құрылысынан өрт шыққан. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

"Сомониён" қонақ үйінің құрылысы 13 жылдан бері әлі салынып бітпеді. Осыған дейін Тәжікстан парламенті нысанды баж және басқа төлемдерден босатқан.

"Азия плюс" ақпарат агенттігі хабарлағандай, қонақ үйді Тәжікстан президентінің атқарушы аппараты салып жатыр. Құрылысты "Исмоили Сомони - 21 ғасыр" компаниясы жүргізіп жатыр. Құрылыс жұмысына мемлекеттен 30 миллион доллар бөлінген.

XS
SM
MD
LG