Ссылки доступа

Түркияда ИМ-нің бұрынғы басшысының әпкесі ұсталды


Әбу Бакр әл -Бағдади

Түрік әскері "Ислам мемлекеті" террористік тобының бұрынғы лидері әл-Бағдадидің әпкесін ұстады. Бұл туралы түрік басылымдары биліктегі жоғары лауазымды дереккөзге сілтеме жасап хабарлап жатыр.

Дереккөз таратқан ақпаратқа қарағанда, 65 жастағы Расмия Авад отбасымен түрік-сирия шекарасынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан Азаз қаласынан алыс емес контейнерден салынған үйде жасырынып жүрген. Ол дүйсенбі күні кешкісін арнайы операция кезінде қолға түскен. Онымен бірге күйеуі, келіні және бес баласы ұсталған.

Өткен айда әл-Бағдади америкалық әскерлер жүргізген арнайы операция барысында өзін-өз жарып жіберген. Рейд кезінде ИМ тобы туралы маңызды мәліметтер бар құжаттар табылған.

XS
SM
MD
LG