Ссылки доступа

Қырғыз депутаты: Атамбаев "Жээнбековтерді кешіреді"


Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев "Жээнбековтерді кешіреді". Парламент депутаты Ирина Карамушкина әлеуметтік желіде осылай деп жазды.

Ол басқа да депутаттармен бірге Алмазбек Атамбаевқа барғанын айтты. "Ол кітап оқып, спортзалға барып жүр" деп жазды депутат.

"Тергеу абақтысында отырғандар туралы сөйлестік. Ол кінәсі дәлелденсе, түрмеге отыруға дайын, бірақ басқаларын ұстағанын қаламайды. Олардың не кінәсі бар? Олар экс-президенттің әділетсіздіктен қорғады" дейді Карамушкина.

7-8 тамызда Кой-Таш ауылында бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты тергеуге күштен әкелу операциясы өтті. Сол кезде ондаған адам зардап шекті. Атамбаев жақтастары арнайы жасақтың алты сарбазын кепілге алды. Бір жауынгер оққа ұшты.

Алмазбек Атамбаев ҰҚМК тергеу абақтысында отыр. 15 қазанда қылмыс әлемінің дөкейі Батукаевтың заңсыз босатылуына қатысты іс бойынша сот тыңдауы өтті. Атамбаев оған қатысудан бас тартты.

XS
SM
MD
LG