Ссылки доступа

Өзбекстан ұлттық ақпарат агенттігі президент қызының туған күнін жаңалық деп берді


Өзбекстан ұлттық ақпарат агенттігі 4 қарашада президент Шавкат Мирзияевтің қызы Саида Мирзияеваның туған күнін басты жаңалықтардың бірі деп берді.

"Туған күн" айдарында жарияланған материалда "Бүгін Өзбекстан президентінің үлкен қызы Саида Мирзияеваның туған күні" делінген. Президент қызының суреті жарияланған.

Бұл материал Ұлттық агенттіктің басты бетінде күні бойы тұрды.

Ресми бейнебаян бойынша, Саида Мирзияева Әлем экономикасы және дипломатия университеті мен Заң университетін аяқтаған.

2019 жылы қаңтарда Саида Мирзияева Өзбекстан ақпарат агенттігі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтің қыздары да мемлекеттік қызметте болған. Дегенмен Каримов билігі кезінде оның қыздарының туған күні мемлекеттік ақпарат құралдарында айтылмаған еді.

XS
SM
MD
LG