Ссылки доступа

Трамп АҚШ-ты Климат жөніндегі Париж келісімінен шығару процесін бастады


Президент США Дональд Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп Климат жөніндегі Париж келісімінен шығу процесін бастады. Процесс бір жылға созылып, 2020 жылы президент сайлауынан соң аяқталады. Трамп сайлауда жеңіліп қалса, билікке келген президент 30 күнде келісімге қайта қосыла алады.

АҚШ Климат жөніндегі Париж келісімінен шығатынын Біріккен Ұлттар Ұйымына ресми түрде ескертті.

Париж келісіміне 197 мемлекет қосылған. Құжаттың мақсаты – ғаламшардағы орташа температураның көтерілуін 2100 жылға таман екі градусқа асырмай ұстап тұру. Келісім шарты бойынша, ешбір ел құжаттан алғашқы үш жылда шыға алмайды.

Париж келісімінен шығу туралы уәдені Трамп сайлау қарсаңындағы науқанда берген. Оның айтуынша, 2025 жылға таман АҚШ Париж келісімін орындаймын деп, үш миллионға жуық жұмыс орнынан айрылады.

Жақында Трамп климат жөніндегі келісімді Америкадан байлықты басқа елдере көшіру деп атаған.

Вашингтонның Париж келісімінен шығуы әлемдік қауымдастықтың ауа райының жылынуына қарсы күресіне соққы боп тиеді деп есептейді Трамптың бақталастары.

XS
SM
MD
LG