Ссылки доступа

9 мыңнан астам тәжік биыл Ресейге көшкісі келеді (видео)


Ресейдің Тәжікстан астанасындағы Федералдық көші-қон қызметі өкілдігінің ғимараты алдында үнемі адам көп. Мұнда Тәжікстан азаматтары Ресейге көшуге арыз беріп, кездесуден өтеді.

Жыл басынан бері 9 мыңнан астам тәжік азаматы Ресей азаматтығын сұраған. Олардың барлығы Ресейге отбасымен көшкісі келеді.

Тұрғындар елде жұмыс жоқ болған соң, амалсыз шетелге көшуге мәжбүр екенін айтты. Тәжікстан билігі жүздеген жұмыс орны бос тұр, бірақ кейбір азаматтар ондағы айлықты азсынады деп отыр.

Длинные очереди у представительства ФМС России в Таджикистане
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:04:08 0:00

Еңбек мигранттарына Ресей төлқұжатын алған тиімді, сол арқылы олар еңбек патетін қажетсінбейді, басқа да жеңілдіктерге ие болады. Бұған қоса тәжік мигранттары полиция мен көші-қон қызметі инспекторларының негізсіз тексерулерінен құтылғысы келеді.

Ресей ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, Ресейде Тәжікстанның 1 млн 300 мыңнан астам азаматы тұрып жатыр.

XS
SM
MD
LG