Ссылки доступа

Өзбекстанда нан тағы қымбаттады


Соңғы үш апта ішінде Өзбекстанда бөлке нан бағасы екінші рет қымбаттады.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, 5 қарашада көпшілік аймақтарда нан 100-200 сумға (0,01-0,02 доллар) қымбаттап, бірқатар дүкендерде 1 600 сумнан (0,16 доллар), базарларда 1 700 сумнан (0,17 доллар) сатылып жатыр.

15 қазанда Өзбекстанда бөлке нан бағасы өсіп, 1 300-1 500 сумға (0,13-0,15 доллар) жеткені хабарланған. Оған дейін нан 1 100 сумнан (0,11 доллар) сатылып келген.

2018 жылдың қыркүйек айына дейін өлкеде бөлке нан бағасы 600-650 сум (0,06 доллар) болған.

XS
SM
MD
LG